Есірткі
1 мин оқу 171

Алматы облысында тағы бір есірткі зертханасы жойылды

<div class="description" style="text-align: justify;">Алматы облысында жасырын есірткі зертханасы анықталды. Тәртіп сақшылары зертхана ұқйымдастырушысын тауып, заңсыз әрекеттің жолы кесті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Алматы облысында тағы бір есірткі зертханасы жойылды

ҰҚК ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылғы 17 сәуірде ведомствоның Алматы облысы бойынша департаменті есірткі заттарын өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.

«Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар және зертханалық жабдық алынды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», делінген ведомства ақпаратында.

Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Бөлісу:
Алматы облысында тағы бір есірткі зертханасы жойылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар