Ақтауда төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды
<p style="text-align: justify;">Қайғылы оқиға 25 сәуір күні кешке 17-шағын ауданда болған. Төрт жасар бала көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатынан құлап кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.lada.kz/aktau_news/incidents/122433-v-aktau-rebenok-vypal-iz-okna-pyatogo-etazha-i-pogib.html">Lada.kz</a> сайтына сілтеме жасап. </p>

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 сәуірде, шамамен 18:00-де 17-шағын аудандағы «Дукат» тұрғын үй кешенінде болған.
Төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті.
«Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», делінген Маңғыстау облысының полиция департаменті таратқан хабарламада.