Павлодарлық оқушы Халықаралық Менделеев олимпиадасының жеңімпазы атанды
<p style="text-align: justify;">Менделеев олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2024 жылғы 21-26 сәуір аралығында Шаньчжэнь қаласында (Қытай) химия бойынша 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті.
Халықаралық сайысқа әлемнің 29 елінен келген оқушылар қатысқан. Қазақстанның олимпиадалық құрамасына 10-12 сыныптардың тоғыз оқушысы – химия пәнінен 2023-2024 оқу жылының республикалық олимпиадасының жеңімпаздары кірді.

Павлодар облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі» КММ 11 сынып оқушысы Илюсизов Ринат олимпиада қорытындысы бойынша Алтын медальмен марапатталды.