Ауа райы
1 мин оқу 300

Аяздың беті қайтпай тұр - синоптиктер

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК 27-29 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аяздың беті қайтпай тұр - синоптиктер

Синоптиктердің болжамына қарағанда, елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады. 

«27 сәуірде елдің басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым алқабының ықпалында болады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 28-29 сәуірде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 28 сәуірде оңтүстікте, 29 сәуірде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы мүмкін. 29 сәуірде түнде республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жауады», делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр. Температуралық фонға келетін болсақ, күндізгі температура біртіндеп жоғарылайды. Алайда 27-28 сәуірде түнде еліміздің солтүстік жартысында термометрлер 1-8 градус аязға дейін жетеді.

Бөлісу:
Аяздың беті қайтпай тұр - синоптиктер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар