Аймақтар
1 мин оқу 250
Лифтте әйелін ұрған ақтаулық жазаланады
<p style="text-align: justify;">27 сәуір күні Ақтау қаласының тұрғыны әйелін лифтте соққыға жыққан. Оның заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Lada.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Оқиға Ақтау қаласындағы 4 ықшам ауданындағы №7-ші үйде болған.
Бейнежазбадан ер адамның әйелді жұдырықтап, аяқпен тепкілегенін көруге болады.
Қалалық полиция басқармасы ер адамның жеке басы анықталып, ұсталғанын хабарлады.
«Ер адам әйелге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, заңсыз әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», деп хабарлады Ақтау қалалық полиция басқармасы.
Бөлісу: