Оқиға
1 мин оқу 182
СҚО-да полицейді қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды
<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тас жолында 48 жастағы полицейді қағып кетті. Оқиғаға кінәлі жүргізуші бой тасалаған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жол-көлік оқиғасынан Ішкі істер министрлігінің қызметкері қайтыс болған.
«28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тас жолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды», делінген СҚО полиция департаментінің хабарламасында.
Сондай-ақ, ведомоство оқиға полицейдің қызмет уақытынан тыс кезде болғанын мәлімдеді.
Бөлісу: