Ауа райы
1 мин оқу 230

Бірнеше өңірде өрт тұтану қаупі бар

<p style="text-align: justify;">Мамандар 29 сәуірге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Бірнеше өңірде өрт тұтану қаупі бар

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.

«Тек республиканың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және орталығында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, батыста және солтүстікте бұршақ жауады, оңтүстік-батыста және оңтүстікте бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығыста тұман түседі. Түнде шығыста, Жамбыл облысының таулы аймақтарында 2 градус аяз күтіледі», делінген хабарламада. 

Маңғыстаудың басым бөлігінде, орталықта, Қызылорданың оңтүстігінде, Түркістанның солтүстігінде, Атыраудың оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Бірнеше өңірде өрт тұтану қаупі бар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар