Аймақтар
1 мин оқу 160

Алматы базарларында заңсыз жүрген шетелдіктер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматы полицейлері қаладағы базарларға рейд жүргізді. Тексеру барысында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы базарларында заңсыз жүрген шетелдіктер ұсталды

Өткен демалыс күндері 22 базарға тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 81 шетелдік анықталды, олардың 63-інде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ болып шықты.

«Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс материалдары жинақталды. Олардың жетеуі сот шешімімен ел аумағынан шығарылды. Сонымен қатар өздері шақырған шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында заңды болуын қамтамасыз етпеген 24 жеке және заңды тұлғаға әкімшілік шара қолданылды», деді қалалық Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Бөлісу:
Алматы базарларында заңсыз жүрген шетелдіктер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар