Әлем
1 мин оқу 120
АҚШ-та торнадо салдарынан 5 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Одан бөлек ондаған мың адам жарықсыз қалып, талай үй жермен-жексен болды. Оклахоманың өзінде 100 шақты тұрғын түрлі дене жарақаттарын алды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.</p>

АҚШ Ұлттық метеорология қызметі қазір 7 миллиондай адамға торнадодан қауіп төніп тұрғанын ескертті.
Ал Шығыс Техастан Иллинойс пен Висконсинға дейінгі аралықта тұратын 47 миллион америкалыққа алапат дауыл соғатыны, жауын құятыны және бұршақ жауатыны хабарланды.
Сондай-ақ Техастан Канзас пен Миссуриге дейінгі кеңістікте 40-қа жуық торнадо соғуы мүмкін.
Бөлісу: