Спорт
1 мин оқу 140
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Садақшылар жасақталды
<p style="text-align: justify;">Биыл қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында осы айдың 17-28 күндері аралығында Алматыдағы олимпиадалық дайындық орталығында садақ атудан ұлттық құраманың 24 спортшысы оқу-жаттығу жиынына қатысты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, аталған жаттығу жиынында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін 10 спортшының арасында 5 лицензия ойнатылды. Садақшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ойындарға жолдама алды.
Айта кетсек, бұған дейін Малайзия елінде өткен жаттығу жиыны шеңберінде «Көшпенділер ойындарына» қатысатын алғашқы 5 садақшы анықталған еді.
Бөлісу: