Қоғам
1 мин оқу 452

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

<p style="text-align: justify;">ҚР Бас прокуратурасы 2022 жылдың қаңтар айында болған оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура <a href="https://t.me/GenPr/3308" target="_blank" rel="noopener noreferrer">растады</a>, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

«2024 жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеліп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды.

Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген», делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Бөлісу:
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар