Қоғам
2 мин оқу 120

Шалғайдағы ауылға жүз тұрғын үй салынады

<p style="text-align: justify;">Су тасқынынан зардап шеккен Арқа&shy;лық, Амангелді, Жангелдин аудан&shy;дары&shy;н&shy;ың тұрғындары үшін жүз шақ&shy;ты үй салынады. Мемлекеттік қол&shy;дау аясында іске асырылатын баспана құры&shy;лысына еліміздегі ірі компания&shy;лар да үлес қосады. Қалалық жерлер&shy;ге қоныс аудару ниеті бар ауыл тұр&shy;ғын&shy;дарына мемлекет қаржысы есебі&shy;нен пәтер алып беру жағы да қарастырылған.</p>

Шалғайдағы ауылға жүз тұрғын үй салынады

Аталған бағыттағы ауқымды жұ­мыс­тар­дың барысын көпшілікке құ­лағ­­дар ету мақ­сатындағы іс-шаралар да бел­сенді жүріп жатыр. Бүгінде об­лыс­­тың алты ауданында 971 тұр­ғын үй тех­­никалық тексеруден өтіп, 356 үй тұруға жарамсыз деп танылған. 615 үй­дің жөндеуге келетіні анықталып отыр.

Арнайы комиссия мамандары Қос­танай қаласының іргесіндегі саяжай бір­лестіктерін де аралап, онда тұрып жатқан 97 отбасының үй-жайын техни­ка­лық тексерістен өткізіп жатыр.

26 сәуірде Қостанай қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмат Исмағұлов қала шетіндегі сайда орналасқан «Ко­лес­ные ря­ды» шағын ауданының тұр­ғын­дарымен кездесіп, табиғи апаттан келген шығынды өтеу тетіктері мен арнайы бағалау комиссияларының жұмыс тәр­тібін түсіндірді. Тасқын судан келген материалдық шығынды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия облыс орта­лығында 8 сәуірден бері күн сайын жұмыс істеп жатқанын айта кету керек.

Арнайы комиссияның мә­лі­ме­тінше, қала әкімдігі бү­гін­ге дейін қала шетіндегі не­месе саяжай аума­ғындағы жалғыз бас­панасын су басқан 210 отбасынан өтінім қа­былдап алған.

Ал Қостанай ауданында су кірген 97 үйдің 55-і тексерілген. Қазір тұрғын үйлердің жөндеуге келетін-келмейтіні анықталып, бағалау жұмыстары жүріп жатыр. Өңірде 14 сәуірден бері белсенді жұмыс жүргізіп жатқан қоғамдық штаб өкілдері де тасқын судың зардабын тартып отырған елді мекендерді аралап, халықтың тұрмысымен таны­сып, өңірде қолға алынып жатқан оңал­ту шараларының тәртібі мен ретін түсіндіріп жүр.

«Қоғамдық штаб су тасқыны болған Қостанай, Арқалық қалаларында, Қостанай, Аман­гелді, Жангелдин аудандарында белсенді жұмыс істеді. Штаб құрамында мәслихат депутаттары, жас­тар, қоғам бел­сен­ділері, жергілікті кәсіп­керлер, заңгерлер, дін қыз­мет­кер­лері, құқық және қаржы саласының мамандары бар. Мақсат – табиғи апаттың зардабын жою, елдің қалыпты тіршілігіне оралуына көмектесу жұмыстарының барысы жөнінен халықты хабардар ету. Бүгінге дейін шамамен 132 елді мекенде кездесу ұйымдастырылды. Шамамен 1 600 адаммен кездестік», дейді облыстық қоғамдық штабтың төрағасы Батырбек Ахметов.

Оның айтуынша, халықпен кездесу барысында қоғамдық штаб өкіл­дері тұрғындарды көбірек мазалайтын көкейкесті мәселелердің тізімін жасаған. Апат зардабын тартып отырған тұрғындар үй-жайын қалпына келтіруге бөлінетін қаржының ретін, жоғалған құжаттарын ресімдеу жайын, газ, жарық, ұялы байланыспен қамтамасыз ету мә­селесін, мал шығынын өтеу, жол жөн­деу жайын көбі­рек қозғаған. Штаб өкілдері тұрғындардың сауалына ор­нық­ты жауап беріліп, қажет болған жағ­дайда құқықтық кеңес беру, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады.

Қостанай облысы 

Бөлісу:
Шалғайдағы ауылға жүз тұрғын үй салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар