Ауа райы
1 мин оқу 262
Күн күрт суып, бұршақ жауады - синоптиктер
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК 1-2 мамырға арналған ауа райы болжамын бөлісті. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде жаңбыр жауып, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда 1-2 мамырда екпінді жел соғады, түнде солтүстік және шығыс өңірлерде тұман түседі.
«Скандинавия аймақтарынан антициклон сілемі солтүстік, шығыс және орталық өңірлердегі ауа температурасының түнде 0-5 жылуға дейін, 1-6 градус аязға дейін, күндіз 5-13 жылуға дейін күрт төмендеуіне әкеледі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова ОКҚ алаңында.
Бөлісу: