Президент
1 мин оқу 106

Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдық мерейтойымен&nbsp;құттықтады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

«Тарихи тұрғыдан осындай қысқа мерзім ішінде дәстүрлі достыққа негізделген ықпалдастығымыз қарқынды дамып, берік әрі сенімді әріптестікке айналғанын ерекше атап өтемін. Бүгінде Сауд Арабиясы – Қазақстанның Таяу Шығыс өңірінде ғана емес, араб әлеміндегі басты саяси серіктестерінің бірі. Бұған қоса, елдеріміз халықаралық және өңірлік формат алаңдарында бірлесе белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осы ретте болашақта қазақ-сауд ынтымақтастығы өркендей беретініне сенімдімін. Өз тарапымнан, халықтарымыздың игілігі жолында еліңізбен жан-жақты қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуде Сізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға әрдайым дайынмын», деп жазылған жеделхатта.

Президент Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт және ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына құт-береке тіледі.

Бөлісу: