Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты
<p style="text-align: justify;"><span style="text-align: justify;">ШҚО-да көпқабатты үйлердің бірінде пәтер өртенді. Құтқарушылар 5 тұрғынды эвакуациялады, деп хабарлайды </span><a style="text-align: justify;" href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><span style="text-align: justify;"> ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>

Өскемен қаласында бес қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді. Оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері 5 тұрғынды эвакуациялады, олардың біреуі бала. Жалын 3 шаршы метр аумаққа тарады.
«Бұл ретте ТЖМ тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрап отыр. Сондай-ақ өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет», делінген хабарламада.