Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;"><span style="text-align: justify;">Алматыда 7-шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт болды. Оқиға орнынан жас әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды </span><a style="text-align: justify;" href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz </a><span style="text-align: justify;">қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.</span></p>

«23 адам үш аяқты баспалдақ пен құтқару капюшонының көмегімен құтқарылды. 1990 жылы туған азамат № 7 қалалық ауруханаға жатқызылды, 1997 жылы туған әйелдің денесі табылды», деп хабарлады ТЖД.
Өртті сөндіруге 48 өрт сөндіруші мен 12 техника жұмылдырылды.
Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 05:52-де сөндірілді.
Тергеушілер мен полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.