Хоккей
1 мин оқу 161

Астанада Qazaqstan Hockey Open турнирі өтеді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Астана қаласында шайбалы хоккейден&nbsp;Qazaqstan Hockey Open турнирі басталады.&nbsp;Халықаралық турнир 2-4 мамыр аралығында өтеді. Ел хоккейшілері 2 мамырда Ресей, 3 мамырда Беларусь ойыншыларымен кездеседі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанада Qazaqstan Hockey Open турнирі өтеді

Ұлттық құрама 10 сәуірде елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындықты бастап кетті. Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда өнер көрсететін хоккейшілер шақырылды.

Ал әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Топтық кезеңде АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польша құрамалары бар.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалу үшін Норвегия құрамасымен қайта кездесу өткізеді.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Бөлісу: