Қоғам
1 мин оқу 175

Өзекті тақырыптарға арналған бейнероликтерге байқау жарияланды

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және ақпарат министрлігі мен &laquo;Хабар&raquo; Агенттігі&raquo; АҚ экологиялық және қоғамдық мәдениет, қоршаған орта мен ресурстарға ұқыпты қарау (суды, электр энергиясын және т.б. үнемдеу) және мемлекеттік рәміздерді дәріптеу тақырыптарына арналған бейнероликтерге байқау жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> аталған ведомствоға сілтеме жасап.</p>

Өзекті тақырыптарға арналған бейнероликтерге байқау жарияланды

Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші кезеңінде аталған тақырыптарды мағыналық және графикалық кескінделуі тұрғысынан жан-жақты ашатын аудиовизуалды туындының идеясы мен тұжырымдамасы қабылданады.

Сонымен қатар өтінім берушілер бейнероликтер жасау құнының негіздемесі мен шығармашылық тобы туралы өмірбаяндық және шығармашылық-ақпараттық мәліметтерді қоса ұсынуға тиіс.

Әлеуетті орындаушылардан өтінім қабылдау 1 мамырдан 15 мамырға дейін жүргізіледі. Құжаттар astana@khabar.kz электрондық поштасына жіберілу керек.

Екінші кезеңде қабылданған өтінімдердің тақырыптарды ашатын ең ұтымды идеялары мен тұжырымдамалары іріктеліп, өтінім берушілердің біліктілігі мен тәжірибелік дағдыларын, төлем қабілеті мен материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құжаттар сұратылады.

Байқау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзім өткеннен кейін тапсырылған, байқау талаптарына сай келмейтін құжаттар ұсынған және дәйексіз, бұрмаланған ақпарат берген өтінімдерді іріктеу комиссиясы қарамайды.

Бөлісу: