Сатира
2 мин оқу 130

Ұрпақ «үні»

<p style="text-align: justify;">Немерем бес жасқа толғанда сүндетке отырғызып күпініп жүріп, өзімнің мұсылман болған кезім еміс-еміс есіме оралды... Атамның екі езуі екі құлағында, айналып-толғанып көрімдіктен жиналған тиын-тебенге өзінің қалтасына атам заманда &laquo;еніп кеткен&raquo; &laquo;көкала қойларын&raquo; қосып: &laquo;Бәрі өзіңдікі, апаңды алып аудан орталығына барып келіңдер. Армансыз аралаңдар, бәрін көрің&shy;дер, керегіңді ал, дегенің болсын&raquo; деген.</p>

Ұрпақ «үні»

Не керек, талтаңдауым тыйыл­ған күні орта­лықта ойран-асыр салдым-ай кеп... Кино­театрға барып кең экран­­нан «Фан­та­мас­тың» екі се­­риясын тапжылмай отырып көрдім... Бал­мұздақтың бе­сеуін то­ғы­тамын деп та­мағым қырылдап қалғаны бар... Бақан­дай екі қабатты дүкеннен жарты қап ауылда қат дүниені арқалап шығыппын... Ойхой, жиналған тиын-тебен велосипед алуыма жет­кендегі қуанышымды айт­саңшы...

Күпініп-желпініп отырып немеремнің алдына іш қалтамнан көкала «көгенкөздің» біразын шытырлатып тастап:

– Бәрі өзіңдікі, біз бара алмаймыз, әкең мен шешеңді алып облыс орталығына барып ке­ліңдер. Облыс жақындағы аудан емес, немерем пойызға мінсін... Кинотеатрдан әлгі шетел­дің мықты киноларын көр­сін... Міндетті түрде паркке апарыңдар, армансыз араласын. Қасқыр көрсін, түйе мінсін, жол­барыстың жанында суретке түссін... Қолын қақпаңдар, алатынын алып қайтсын, – деп немеремнің басынан сипап едім:

– Ата, әжем де, папам да, мамам да ақша берді... – деп әңгімесін айтты. – Облыс емес, Астанаға барамын... Пойызбен қайтарда жүк алып қайтамыз, барарда ұшақпен ұшамыз... Бірден «Мегаға» барамын... – дегенін түсінбей әкесіне иек қағып едім: «Мега» – балаға керек-жарақты ішіне сыйғызған әмбебап кешен» деп түсіндірді.

– Ата, ойын автоматты шар­шағанша ойнаймын... Паркті, зоопаркті теледидардан-ақ көріп алғанмын... Киноның неше түрін үйдегі видикпен-ақ тамашалап біткенбіз... Өзіме лайықты, ішінде радиосы да, музыкасы да бар ұялы телефон алайыншы..? – деді.

– Ала ғой құ­лыным, – деп әке-шеше­сіне көз тастап едім, болады дегендей бас изеп келісім берді.

– Ата, енді екі жылдан соң мек­тепке барамын ә? – дейді риза болған немерем.

– Барғанда қандай!

– Әріпті білемін, оған дейін оқитын боламын, мектепке бар­ғаныма компьютер әпересіз бе?

– Әпереміз, күнім...

– Бесінші сыныпты кілең беске бітір­сем, мотоцикл мінгізесіздер ме?

– Мінесің, құлыным.

– Мектепті бітіргенде машина әперсеңіз, апам екеуіңізді Аста­наға апарып келемін.

– Сол күнге жеткізсін, дегенің болады...

...Қайтейік, ұрпақ «үні» осы, тек аман болып, шөберемді сүн­детке отырғызып оның да «үнін» естіп барып алжып кетсек арман жоқ-ау...

Берік САДЫР 

Бөлісу:
Ұрпақ «үні» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар