Технология
2 мин оқу 232

Сейсмикалық сақтандыру құрылғысы

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы сейсмикалық жағдайды ескере отырып, оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары мен студенттері мобильді жер сілкінісі симуляторын құрастырды.</p>

Сейсмикалық сақтандыру құрылғысы

Салмағы шамамен 1,5 тоннаны құрайтын құрылғы 7-9 бал­ға де­йінгі көлденең және тік бо­ла­тын жер сілкінісін симуля­ция­лайды. Университеттің Энер­ге­тика және машинатану инс­ти­туты директорының орынбасары, жоба жетекшісі Мақсат Мырзақұловтың айтуынша, Ал­маты жер сілкінісі жиі болатын­ аумаққа жататындықтан, бұл плат­форма жұртшылықты үрей­ге берілмеуге, жер сілкінісі бола қал­ған жағдайда өзін қа­лай ұстау­ға, дұрыс шешім қабыл­дауға ық­пал­ етеді.

– Мобильді тренажер универ­си­теттің студенттер мен магис­транттар жұмыс істейтін тех­никалық-конструкторлық бю­ро­сында құрыстырылды. Осы­дан­ бір жыл бұрын басталған құ­растыру жұмыстарын қалада болған бірнеше жер дүмпуінен кейін жылдам аяқтауға тура кел­ді. Университеттің қаржы­ландыруымен жасалған мо­биль­ді платформаны құрас­ты­руға 10-нан астам студент қатысты. Оқытушылардың жетек­шілі­гі­мен әзірленген мобильді плат­фор­мадағы симулятор жер сілкі­ні­сінің көлденең және тік болып ке­летін толқындарын көрсетеді. Құ­рыл­ғыны пайдалану барысын­да ең жоғары режімді 9 балға дейін жеткізуге болады, – дейді М.Мырзақұлов.

Жақында мобильді платформаны университет ғалымдары Алма­ты қаласы Төтенше жағ­дай­­лар департаментіне тегін пай­да­лануға берді. Ендігі кезекте ТЖД мамандары осы тренажер арқылы жер тербелісін сездіріп, қала тұрғындарына үрейсіз, нақты дұрыс іс-әрекеттерді жасауды үйрететін болады.

Ғалымың айтуынша, егер де мобильді платформа еліміздің қалаларында, орталықтарында қолданылатын болса, тұрғындар жер сілкінісіне мейлінше да­йын болады. Тренажер бір орта­лықтан екеншісіне жылжытып апаруға ыңғайлы. Мұн­дай құрылғылар шетелдік тәжі­рибеде де қолданылып келе­ді. Оның нарықтағы құны ша­мамен 10-15 млн теңге тұра­тын болса, университет ғалым­дары құрастырған мо­бильді платформаның өзіндік құ­ны – 2 млн теңге шамасында. Тренажерды құрастыру тобы қаланың сейсмикалық жағ­да­йына бейімделіп жасалған құ­рыл­ғыда жаттығу қала тұрғын­да­ры үшін тиімді екенін айтады.

Төтенше жағдайлар де­пар­та­ментінің дерегіне сүйенетін бол­сақ, мобильді жер сілкінісі тре­нажері апта сайын өтетін қала­лық оқу-жаттығу курстарын­да және көшпелі сабақтарда, жат­тығуларда пайдаланылатын бо­лады. Ол үшін тұрғындар ау­дан­дағы төтенше жағдайлар қыз­ме­тіне барып санаты бойынша тір­келіп, курстарға қатыса алады.

Бөлісу:
Сейсмикалық сақтандыру құрылғысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар