Аймақтар
1 мин оқу 222
Құлсарыда 2 723 тұрғын үй ауласы судан тазартылды
<p style="text-align: justify;">Құлсары қаласының су басқан аумақтарынан су тарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысы Төтенше жағдайларды жою штабының мәліметінше, бүгінде тартылған судың жалпы көлемі 3 миллион 500 мың текше метрді құрайды. Төтенше жағдайларды жоюға Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және өндірістік мекемелердің күштері жұмылдырылды.
«Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2 723 тұрғын үй ауласы, 257 кәсіпкерлік және 29 әлеуметтік нысан судан тазартылды», делінген жедел штаб хабарламасында.
Бөлісу: