Есірткі
1 мин оқу 163

Таразда есірткі сатушылар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Ұсталған тұрғындардан &laquo;мефедрон&raquo; есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Таразда есірткі сатушылар ұсталды

Жамбыл облысының Полиция департаменті синтетикалық есірткі сатушылардың қызметін тоқтатты. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Ұзақ уақыт бойы жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмесінен жалпы салмағы 122,37 гр мефедрон синтетикалық заты жасырылған орын табылды. Нәтижесінде 330-дан астам доза есірткінің таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны - 5,5 миллион теңге», деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Бөлісу: