Заң
1 мин оқу 210

Ақмола облысы полициясының лауазымды қызметкері мас күйінде ұсталды

<p>Ақмола облысы Полиция департаментінің басқарма басшысы Астана қаласында мас күйінде ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақмола облысы полициясының лауазымды қызметкері мас күйінде ұсталды

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Астанада мас күйінде көлік жүргізген полицей жұмыстан шығарылуы мүмкін. 

Ақмола облысының полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

– Мас күйінде автокөлікті жүргізгені үшін Ақмола облысы ПД қызметкері жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша жұмыстан шығарылғанға дейін тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылданады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Ақмола облысы полициясының лауазымды қызметкері мас күйінде ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар