Қазақстан
1 мин оқу 251

Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болады

<p style="text-align: justify;">Туризм және спорт министрлігі мереке күндерінің тізіміне тағы бір айтулы датаны қосу туралы құжат дайындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болады

Тиісті құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Түсіндірме хатта атап өтілгендей, жаңа мереке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық құрылтай барысында берген тапсырмасына сәйкес белгіленеді.

«Жоба қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесін мерекелік күндер тізіміне енгізу мақсатында әзірленген», делінген қаулы жобасында.

Құжат 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Бөлісу:
Қазақстанда Ұлттық кітап күні пайда болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар