Аймақтар
2 мин оқу 120

Көптен күткен канал

<p style="text-align: justify;">Керекудегі Ертіс-Успен каналының құрылысы биыл күзге дейін аяқталады деп күтіліп отыр. Жаңа каналдың арқасында 10 мың гектар жерді суаруға болады. Нәтижесінде, жылына қосымша 500 мың тонна ауылшаруашылық дақылдарын өндіру мүмкіндігі бар.</p>

Көптен күткен канал

Ертіс-Успен каналының құрылысы кеңес заманында қолға алынып, кейін тоқтап қалған. Ұзақ жылдар тұрып қалуына байланысты оның түбіне шөп өсіп, салынған бетон плиталарын ел-жұрт таратып алып кеткен. 2020 жылы су құрылысы қайтадан қолға алынды. Жоба бойынша каналдың ұзындығы – 13 шақырым. Бірақ құрылыс жұмыстары кейінгі екі жылда саябырлап қалған.

Павлодар облысының әкім­­­­ді­­гі хабарлағандай, Ертіс-Ус­пен­ су арнасының құрылысы биылғы жылдың қараша айын­да толық тапсырылуы керек. Қазіргі уақытқа дейін құрылыс жұмыстарының 50 пайызы аяқталған. Каналда жаңадан су сорғы стансасы мен жасан­ды су жинағыштар салына­ды деп жоспарланған. Нысан то­лықтай іске қосылса, 10 мың гектар жерді суармалы алқап­тарға айналдыруға болады. Шаруашылықтар оның нәти­жесін­де 500 мың тонна ауыл ша­руа­шылық дақылдарын өсіре алады.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың сөзінше, қазіргі уақытта өңір аумағында 169,5 мың гектар суарылатын жер бар. Іс жүзінде бұл аумақтың тек 72 мың гектары ғана суарыла­ды. Келешекте облыста жалпы кө­лемі 300 мың гектар жерді суар­ма­лы алқапқа айналдыру жос­па­ры тұр.

Негізі Ертіс-Баян өңірі қауіп­ті егіншілік аймағында ор­налас­қан­дықтан, астық алқап­тары көбіне көктемгі ылғалға тәуелді. Соған орай өңірдегі бай су ресурстары мен Ертіс өзе­ні­нің әлеуетін кеңінен пайда­лану қажет. Бұл өз кезегінде ауыл­шаруашылық дақылдарын өндіруде тұрақты және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Айтпақшы, бұған дейін Павлодар облысының басшы­лы­ғы аймақта Бұқтырма сияқты жеке су қоймасын саламыз деп айтқаны есімізде. Бұл уәде құр сөз болып қалмайтынына сенімдіміз.

Павлодар облысы 

Бөлісу: