Қоғам
1 мин оқу 180

Астанда LRT құрылысында кран құлады

<p style="text-align: justify;">Елордада&nbsp; Керей-Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында салынып жатқан LRT құрылыс алаңында кран құлап кетті. ТЖМ зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Астанда LRT құрылысында кран құлады

Бүгін сағат 10:35-те арматураны көтеру кезінде бағыттама кран «Времена Года» тұрғын үй кешенінің көлік тұрағына құлаған.

«Zoomlion жүк көтергіш кран China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясына тиесілі. Апаттың болжамды себебі – шамадан тыс жүктеме. Автокран тіркелмеген және жұмысқа рұқсат алмаған. Қорытындылары туралы қосымша хабарланады. Апаттың мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр», делінген Астана қалалық өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Бөлісу:
Астанда LRT құрылысында кран құлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар