Аймақтар
1 мин оқу 174

Алматыда қоғамдық тәртіпті бақылау күшейді

<p style="text-align: justify;">10-20 мамыр аралығында Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет етеді. Осы күндері &laquo;Құқықтық тәртіп&raquo; жедел алдын алу іс-шарасы өтеді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.<br /><br /></p>

Алматыда қоғамдық тәртіпті бақылау күшейді

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған.

Жедел шараның мақсаты - қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу.  Аталған іс-шара аясында Алматыда полиция жасақтарының саны артады.

Полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралап, тексереді. Құзырлы орган өкілдері көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларында құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ азаматтық қару иелері мен полицияның профилактикалық есебінде тұрған адамдар да бақыланбақ.

«Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаумен, пәтер тонаумен, ұрлықпен және т.б. айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД-ның жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді», делінген ІІМ хабарламасында.

Бөлісу:
Алматыда қоғамдық тәртіпті бақылау күшейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар