Қоғам
1 мин оқу 161

Тасқын зардабын жоюға қажетті барлық материал бар - министр

<p style="text-align: justify;">Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ауқымды су тасқыны болған өңірлерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Тасқын зардабын жоюға қажетті барлық материал бар - министр

Қостанай облысында ажыратылған абоненттер саны 5 мыңнан 700-ге дейін азайған. Ақтөбе облысында 5,5 мыңнан 13-ке дейін азайды.

«Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында шектелген абоненттер 4 есеге, ал Атырау облысында 3 есеге азайды. Солтүстік Қазақстан облысында апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қалған 5 мың абонентті электрмен жабдықтау су деңгейі төмендегеннен кейін өтінімдер бойынша қосылады», деді министр.

Төтенше жағдайды жоюға 9 мыңнан астам энергетик маман және 2 145 арнайы автотехника тартылған. 414 мобильді электр энергиясы көзі бар.

«Жақын арада әртүрлі кластағы 3 мыңнан астам электр беру желісін қалпына келтіру қажет. Зардапты жою үшін барлық қажетті материал бар», деп түйіндеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Бөлісу:
Тасқын зардабын жоюға қажетті барлық материал бар - министр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар