Тағайындау
1 мин оқу 251

Алатау қаласының әкімі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Әркен Өтенов жаңадан құрылған Алатау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алатау қаласының әкімі тағайындалды

Ол 1983 жылы 15 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде және Карнеги Меллон университетінде (Болашақ бағдарламасының түлегі, 2010 ж.) білім алған.

Халықаралық қатынастар маманы, экономист және мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі, Президенттің жас таланттар пулының мүшесі.

Әркен Өтенов еліміздің банк секторында, сондай-ақ мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарда, соның ішінде Президент Әкімшілігі және Қаржы министрлігінде, Сыртқы істер министрлігінде тәжірбиелі жұмыс атқарған.

Бұған дейін ол ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Бөлісу:
Алатау қаласының әкімі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар