Аймақтар
1 мин оқу 140
Қостанайлық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
<p style="text-align: justify;">Бүгін, 10 мамыр Қостанай облысының Мичурино кентінде макулатурасы бар қойма аумағында өрт болды. Облыстың өрт сөндірушілері өрт аумағынан 5 тұрмыстық газ баллонын алып шықты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Осылайша, мамандар ықтимал жарылыстың алдын алды. Қызыл жалын 1400 шаршы метр алаңды шарпыды.
«Өртті сөндіру барысында құтқарушылардың әрқайсысы 50 литр көлеміндегі 5 тұрмыстық газ баллонын шығарды. Сағат 15:56-да өрт оқшауланып, 16:12-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Бөлісу: