Қоғам
1 мин оқу 212

Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасының басшысы сотталды

<p style="text-align: justify;">2024 жылғы 25 сәуірде Ақтау қалалық соты облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айнұр Манкешоваға және &laquo;Аско Сервис Шетпе&raquo; ЖШС өкілі Айдарбек Атадусовқа қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасының басшысы сотталды

Аталған тұлғалар мектеп құрылысына техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғанына 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Манкешова 3,5 жылға, Атадусов 2 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: