Аймақтар
1 мин оқу 240

Мол мөлшердегі суды бөгеттер 4 күннен бері ұстап тұр

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Мол мөлшердегі суды бөгеттер 4 күннен бері ұстап тұр

Аталған аймақта жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынған.

«Қазгидромет» РМК жүргізгер гидрологиялық мониторингке сәйкес, бүгінгі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша:
Атырау - 533 см. Тәулігіне + 5 см. 
Индербор ауданы 1026 см. Тәулігіне +12 см.
Махамбет ауданы 939 см. Тәулігіне +15 см. 

Айта кетсек, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында су деңгейі шектік белгіден асып түскен. Тасқын ахуалы ТЖМ құтқарушыларының бақылауына алынды.

Бөлісу: