Су тасқыны: 54 мыңнан астам адам үйлеріне оралды
<p style="text-align: justify;">Республика бойынша су тасқынынан кейін 54 755 адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, эвакуациялау пункттерінде 5291 адам қалды, оның 2239-ы балалар. 11205 тұрғын үй мен 3516 аула аумақтарынан судың бағыты бұрылып, сорылды. Сондай-ақ 19,3 миллион м3 астам еріген су сорылып, 7,8 миллион қап пен 1,5 миллион тонна инертті материал төселді.
Елдің батысындағы жағдай шиеленісіп тұр. Атырауда су тасқынының шарықтау шегі 4-5 күннен кейін болуы мүмкін. Еске сала кетейік, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Атыраудағы су тасқынына қарсы құрылымдар мен екі каналдың жұмысын тексерді.
Сонымен қатар Атырау облысындағы Индербор ауылында 300-ден астам адам су сорып, бөгет салып жатыр. Жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін ауылдың бір бөлігі электр жарығынан ажыратылды.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті