Қоғам
1 мин оқу 230

Қазақстан азаматы шетелде адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан азаматы Лондонда кісі өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан азаматы шетелде адам өлтірді деген күдікпен ұсталды

37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтап тастаған. Оған 7 мамырда Темза сотында кісі өлтірді деген айып тағылып, 10 мамырда қамауға алынған.

«Полицияға 6 мамыр кешкі сағат 21:00 кезінде Кренстон Гарденс, Е4 мекенжайы бойынша ер адамның пышақ жарақатын алғаны туралы хабар келеді. Өкінішке қарай, 42 жастағы азамат оқиға орнында қансырап қаза тапты», делінген The standard таратқан хабарламада.

Баймолдамен бірге 33 жастағы әйел ұсталған. Ол тергеу біткенше кепілмен босатылған. 

Айта кетейік, Қазақстан азаматы 2023 жылы Ұлыбританияға маусымдық жұмыс істеуге барған.

Бөлісу:
Қазақстан азаматы шетелде адам өлтірді деген күдікпен ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар