Оқиға
1 мин оқу 284

Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды

<p style="text-align: justify;">Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Б.Байжановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды

Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша айып тағылған еді.

Б.Байжанов 09.11.2023 жылы Қ.Бишімбаев жасаған аса ауыр қылмысты уәдесіз жасыру бойынша кінәлі деп танылды(Қылмыстық кодекстің 432-бабы).

Прокурор Бишімбаевты 24 жылға, Байжановты 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бүгін, 13 мамыр күні Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі жарияланды.

Сот шешімімен Б.Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес сотталушылар Бишімбаев пен Байжанов үшін кәмелетке толмаған балалардың болуын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

Ол жазасын қауіптілігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

«Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, аудио-бейнематериалдармен, сараптамалық қорытындылармен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді», делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: