Қоғам
1 мин оқу 210

Ертең ел бойынша дабыл белгісі қосылады

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдайлар министрлігі 15 мамырда Қазақстан қалаларында дабыл белгісі қосылатынын хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ертең ел бойынша дабыл белгісі қосылады

15-16 мамыр аралығында елімізде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығу аясында екі күн бойы барлық өңірде өрттің алдын алу шаралары пысықталады.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Абай ауданында орналасқан.

Жиын барысында мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындық жүргізіледі.

«15 мамырда сағат 12:55-те оқу-жаттығу аясында Астана қаласынан басқа еліміздің барлық аймағында дабыл жүйесін сынақтан өткізу жоспарланып отыр», делінген ТЖМ хабарламасында.

Бөлісу:
Ертең ел бойынша дабыл белгісі қосылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар