Оқиға
1 мин оқу 125

Петербордағы Ерханның ерлігі

<p style="text-align: justify;">Қазақ ерінің тұрпаты қашан да жәрдемге асық, мейірім етуге даяр, батыр болмысты болып келеді. Даласы шалқар, құс қанаты талар кең жеріміз бабалар айбынының айғағындай.</p>

Петербордағы Ерханның ерлігі

10 мамыр күні Ресейдің мәдени астанасы  Санкт-Петербург қаласында жолаушылар автобусы Мойка өзеніне батып, үш адам ажал құшқаны мәлім. Осы бір төтенше жағдай кезінде ауыр апатқа тап болғандарды шұғыл құтқаруға ұмтылғандар ішінде жерлесіміз Ерхан Аханов та бар.

– Бірінші шынжырдан ұстап Дағыстан елінің азаматы төмен түсе бастады, соңы­нан мен ердім. Біз судың түбіне сырғығанда, автобус жүргізушісі есікті ашуға ұмтылды. Бірақ талпынғанымен түк те шықпаған соң, қасымдағы жігіт екеуіміз есікті ашып үлгергенімізде өзге жігіттер де көмекке жетті. Өзде­ріңіз білетіндей, біздің қазақ жігіттері көмек беруге әрқашан да­йын тұрады, – дейді Ерхан Аханов.

Ерхан халықтық құтқарушылармен бірге жүргізушіні, егде жастағы ер мен әйелді судан алып шығып, алғашқы меди­циналық көмек көрсеткен. Жерлесі­міз бұл ерлігін батырлық емес, кәдімгі азаматтық борышым деп есептейді.

Айта кетейік, осы оқиғадан соң «Құт­қарудағы ерлігі үшін» медальмен 15 азамат мара­пат­талған. Адам тағдыры үшін Поцелуев көпірінен мұзды суға секірген батырларға Санкт-Пе­тер­бор қаласының губернаторы Алек­сандр Беглов арнайы келіп салалық марапатты табыстады. Құтқарушылар арасындағы ең жасы – 25-тегі қазақ баласы Ерхан Аханов туралы Ресей Федерациясының бүкіл ақпарат құралдары жазды.

Бөлісу:
Петербордағы Ерханның ерлігі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар