Жәдігер
1 мин оқу 170

Қаратаевтың төсбелгісі

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облыс&shy;тық тарихи-өлкетану му&shy;зейінің қорында Бақыт&shy;жан Қаратаевтың Ресей им&shy;пе&shy;раторлық универ&shy;си&shy;тетінің бітірушілеріне бері&shy;летін ромб тәріздес төсбелгісі сақ&shy;таулы.</p>

Қаратаевтың төсбелгісі

Бұл тарихи құнды ескерт­кішті музей қорына Ба­қытжан Қа­ратаевтың келіні Бибіажар Бақыт­жанова тапсырған екен. Төс­белгіде ақ металдан жа­сал­ған Ресей империясының гербі бар және көк түсті эмальды крест бейнеленген.

не

Ресей империясында төсбел­гілерді, наградаларды тағу қатал тәртіп­пен қа­дағаланып отырған кө­рінеді. Төсбел­гінің мерекелік шеруге және күнделікті фракқа тағылатын екі түрі болған. Оның алғашқысы көлемдірек болып, тек салтанатты шеруде, жиындарда тағылса, фракқа тағылатын кішкене белгіні күнделікті киімге – кеуденің оң жа­ғына тағуға рұқсат етілген. Суретте Бақытжан Би­сәліұлының күнделікті тұтынған бұйымы бейнеленген.

– Қазақтан шыққан тұңғыш заңгер, мемлекет және қоғам қай­раткері, ағартушы-демократ Ба­қыт­жан Қара­таев­тың қайтыс бол­ғанына биыл 90 жыл толып отыр. Бақытжан атамыз Петербургтегі Им­ператорлық университеттің заң факультетін ерекше, өз аты жа­зылған алтын медальмен тә­мамдаған. «Осынау дүниелерді өз кезінде Ба­қытжан бабамыз ұстап-тұтты ғой» – деген ойдың өзінен-ақ бұл заттың бағасын білесің. Музей қо­рына түс­кен бұл жәдігер талай жыл тарих болып сөйлейтініне еш күмәніміз жоқ, – дейді Батыс Қазақ­стан тарихи-өлкетану му­зейінің қор сақтаушысы Мұхтар Өтесов.

 

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Қаратаевтың төсбелгісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар