Алматы
1 мин оқу 270

Алматы көшелеріне танымал тұлғалардың есімі беріледі

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының әкімдігі тұрғындардан белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконников атына көше беру туралы ұсыныс түскенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы көшелеріне танымал тұлғалардың есімі беріледі

Қалалық мәслихат тұрғындардың сұранысын ескеріп, шешімдерінің жобасын жариялады.

«Бостандық ауданы Ю.Гагарин даңғылының К.Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев даңғылы, Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников атын беру жоспарланған. Ескендір Хасанғалиевтің есімін Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге беру көзделді, ал Юрий Померанцевтің есімімен қаланың Бостандық ауданындағы атауы жоқ көше аталады», делінген Алматы қалалық мәслихат жобасында.

Шешім жобасы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.

Бөлісу:
Алматы көшелеріне танымал тұлғалардың есімі беріледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар