Ауа райы
1 мин оқу 300

Синоптиктер алдағы үш күнде нөсер құятын аймақтарды атады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК алдағы үш күнде ел аумағында құбылмалы ауа райы болатынын ескертті. 16-18 мамыр аралығында басым өңірде жаңбыр жауады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктер алдағы үш күнде нөсер құятын аймақтарды атады

Оңтүстік циклон әсерінен нөсер жауып, найзағай ойнайды.

16-18 мамырда республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 16 мамыр күні шығыста, 17-18 мамырда оңтүстік-батыста, 18 мамырда солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ жаууы да ықтимал.

Тек солтүстік және солтүстік-шығыс облыстарда 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы 18-25 градусқа дейін көтеріледі.

Ал кей жерлерде түнде минус дәрежесіндегі температура сақталатыны болжанған.

Елдің біршама аймағында ауа райы тұрақсыз болғанымен, оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ағын ауаны жылжып, температуралық фон бірте-бірте көтеріледі.

Бөлісу:
Синоптиктер алдағы үш күнде нөсер құятын аймақтарды атады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар