Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны рас па?
<div class="description" style="text-align: justify;"> <p style="text-align: justify;">Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p> </div>

«Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат Батырбекұлына қатысты қылмыстық іс жоқ», деді сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов.
Айта кетейік, сәуір айының соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатқан еді. Кейін экс-министр желіде жазба қалдырып, өз еркімен отставкаға кеткенін хабарлады.