Ауа райы
1 мин оқу 930

Ертең елдің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады

<div class="description" style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері 16 мамырға арналған ауа райы болжамын бөлісті. Мамандар еліміздің солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div> <div class="content">&nbsp;</div>

Ертең елдің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады

Метеорологтар оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ел өңірлерінің көп бөлігінде өз әсерін сақтайтынын нақтылады.

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста, шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, жел соғады. Тек еліміздің солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар республикамыз бойынша желдің екпін алуы сынды ортақ табиғи құбылыс тән, түнде және таңертең солтүстік-батыста, еліміздің орталығында тұман болады.

«Жетісу облысында Алакөл ауданы аумағында секундына 30 метр және одан да жоғары жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі», деді синоптиктер.

Сондай-ақ түнде Павлодар облысының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны төмендеп, 2-3 градус суықты көрсетеді деп болжанады. 

Төтенше өрт қаупі Түркістан облысының шөлейтті аудандарында және Абай облысының Үржар ауданында сақталады.

Бөлісу:
Ертең елдің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар