Президент Словакия Премьер-министріне жасалған қастандықты айыптады
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, бүгін Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды.
Жергілікті БАҚ оқиға орнынан түсірілген видео таратты. Кадрларда төрт рет оқ атылып, Р.Фицоның жерге құлағаны көрсетілген. Қауіпсіздік қызметкерлері Премьер-министрді шұғыл түрде ауруханаға жеткізді.