Аймақтар
1 мин оқу 156

Ресейден келген тасқын су Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді

<p style="text-align: justify;">Ресейден келген тасқын суының 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді. Аталған көлдерге соңғы 20 жылдан бері су бармаған екен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресейден келген тасқын су Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша тасқын суын көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандары жүргізіп жатыр. Қамыс-Самар көлдері киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі болып табылады.

Аталған облыста судың негізгі көзі – Жайық өзені. Бұл өзен арқылы келген тасқын суы ведомствоның «Қазсушар» мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінде жиналады.

«Сонымен қатар «Қазсушар» мамандары соңғы жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Сондай-ақ Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр», деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

 

Бөлісу:
Ресейден келген тасқын су Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар