Ауа райы
1 мин оқу 210

16 мамырға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК болжамына сәйкес, бүгін, 16 мамырда Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер елдің оңтүстік-шығысында және шығысында нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады деп болжап отыр. Тек солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік-батыста, республика орталығында тұман түседі.

Жетісу облысында, Алакөл көлдері аймағында кей жерлерде жел 30 м/с дейін жетеді.

Түнде Павлодардың солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігі мен шығысында 2-3 градус үсік жүреді.

Қарағандының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының батысында, оңтүстік-батысында, Жетісу облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, Түркістан облысының шөлді аймақтарында, Абай облысының Үржар ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу: