Қоғам
1 мин оқу 165
14 өңірде негізгі ҰБТ басталды
<p style="text-align: justify;">Еліміздің 14 аймағында негізгі ҰБТ басталды. Ал су тасқыны болған 6 өңірде ҰБТ 25 мамырда басталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Әбдірәсілов Орталық комуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Биыл талапкерлер негізгі ҰБТ-ны 2 рет тапсырады. Қазіргі уақытта 330 мыңға жуық өтініш қабылданды. 181 мың талапкер тестілеуге қатысуға ниет білдірген», деді Болатбек Әбдірәсілов.
ҰБТ жылына 5 рет өтеді: 3 рет – ақылы негізде, ал негізгі ҰБТ бойынша талапкерлер гранттар беру конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Бөлісу: