Мәдениет
1 мин оқу 642

Сахнада бейәдеп сөз айтқан әртістер жазаланады

<p style="text-align: justify;">Мәдениет және ақпарат министрлігі сахнада бейәдеп сөз айтып, ерсі қылық танытқан әртістерді жауапкершілікке тартуды ұсынды. Министрліктің бұйрығы көпшілік талқысы үшін &laquo;Ашық НҚА&raquo; порталына орналастырылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сахнада бейәдеп сөз айтқан әртістер жазаланады

Бұйрық мәтінінде мәдени-бұқаралық іс-шаралар барысында көрермендерге орынсыз, әдепсіз, дөрекі, балағат сөздерді айтқан өнер адамдарына айыппұл салу көзделгені жазылған.

Сондай-ақ ішімдік ішкен немесе психотроптық заттардың, олардың баламалары мен прекурсорларын қолданған әртістерге - жеке тұлғаларға 150 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), заңды тұлғаларға 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны көрсетілген. 

Егер сахнадағы ерсі қылық 1 жыл ішінде тағы қайталанса, айыппұл көлемі - 200 АЕК-ке, заңды тұлғалар үшін 600 АЕК-ке дейін артады.

Бөлісу:
Сахнада бейәдеп сөз айтқан әртістер жазаланады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар