Әлем
1 мин оқу 240

Мұраға таласып анасын пышақтап өлтірген ер адам сотталды

<p style="text-align: justify;">Өзбекстанда қарт анасын пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;UzNews.uz сайтына сілтеме жасап.</p>

Мұраға таласып анасын пышақтап өлтірген ер адам сотталды

Оқиға 2023 жылдың қараша айында Сурхандарияда болған. Ер адам мен оның қарт анасының арасында келіспеушілік туындапты. Оған себеп қарт әйел немересінің күйеуіне мұрасының 40 пайызын бермек болған.

Анасының шешімімен келіспеген ер адам ұйықтап жатқан анасына бірнеше рет пышақ сұққан. Кетіп бара жатқанда ыңырсыған дауысты естіп, мойын тұсынан тағы бірнеше рет пышақ сұғып алған. 

Сот оны Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабының 2-бөлігімен (Адамды дәрменсіз жағдайда қасақана өлтіру) кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Бөлісу: