Спорт
1 мин оқу 144
Анна Данилина WTA турнирінің финалында өнер көрсетеді
<p style="text-align: justify;">Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Пармада (Италия) өтіп жатқан WTA 125 сериясы турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жартылай финалда Қазақстан спортшысы Анна Данилина мен ресейлік Ирина Хромачеваның дуэті Анна Сискова/Мириам Колодзиева (Чехия) дуэтінен басым түсті.
«Чех теннисшілері бірінші сетті Анна мен Иринаның пайдасына 6:1 есебімен аяқтап, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты», деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Анна Данилина мен Ирина Хромачеваның финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Бөлісу: