Жаңалықтар
1 мин оқу 280

Жасырын ұрлық жақпады

«Оңтүстік» аймақтық бас­қар­масының Тараз шекара отрядына қа­расты «Гродеково» зас­тавасының шекара жасағы қазақ-қыр­ғыз шекарасында контра­банданың жолын кесті.

Олар Қырғызстанның 4 азаматы мінген «Урал» жүк көлігін тоқтатып, тексереді. Сөйтсе, күдіктері текке емес екен. Әлгі жүк көлігінен жа­сырылған 3 тонна құс еті және «LD» «SOBRANIE» «BOND» маркалы темекі өнімдері шыққан. Бұлардың бәрі контрабанда жолымен біздің елімізге алып келе жатқан тауарлар болды. Сондықтан, осы дерек бойынша Жам­был облысының құқық қор­ғау органдары құ­лағ­дар етілді, деп ха­барлады ҰҚК ШҚ бас­­­пасөз қызметі.

 

Бөлісу:
Жасырын ұрлық жақпады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар